Ақтау қаласын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Ақтау қаласын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласында ауқымды абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда шағын ауданішілік шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жартасты соқпақтағы жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылуда. Қаланың санитарлық тазалығына да ерекше мән беріліп отыр. Қалада тазалық жұмыстары жүйелі атқарылып, балалар ойын алаңдары қалыпқа келтірілуде.

Сонымен қатар қала көшелеріндегі жарық бағаналары тексеріліп, ақаулары бар шамдар ауыстырылуда. Бұл – тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі дейді жауапты сала маманы. 

– Абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары қала аумағында кезең-кезеңімен жалғасатын болады, - деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі