Қала әкімі көпбалалы аналарды марапаттады

Қала әкімі көпбалалы аналарды марапаттады

Бүгін, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов көпбалалы аналарды Президент Жарлығымен тағайындалған "Алтын алқа" және "Күміс алқа" наградаларымен марапаттады.

Кездесуде қала әкімі көпбалалы аналардың еліміздің демографиялық ахуалын арттыруға қосқан үлестерін ерекше атап өтіп, ізгі тілегін білдірді. ⠀

– Сіздер бүгінгі күннің батырысыздар. Өйткені, еліміздің демографиялық ахуалын арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы орайда сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз аман болсын", – деді Әбілқайыр Байпақов. ⠀

Сонымен қатар шаһар басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аясында “Абай” мәдени демалыс кешені мен қалалық кітапхана қызметкерлерін мерекемен құттықтап, облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі