Ақтауда электрдабыл жүйесі іске қосылады

Ақтауда электрдабыл жүйесі іске қосылады

Ақтауда 22-23 мамыр күндері «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өткізіледі. Осыған байланысты қалада 22 мамыр күні сағат 09:00-ден бастап электрдабылдар іске қосылады.

«Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық жаттығуы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен «2025 жылғы өрт қауіпті кезең жағдайында ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында өткізіледі. «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық жаттығуы кезінде, яғни 22 мамыр күні сағат 09:00-ден бастап электрдабылдар іске қосылады

Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындардан дабылдар іске қосылған кезде сабырлық сақтауды сұрайды.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі