2024 жылдың қаңтар-қараша айындағы Ақтау қаласының әлеуметтік - экономикалық дамуына қорытынды

2024 жылдың қаңтар-қараша айындағы Ақтау қаласының әлеуметтік - экономикалық дамуына қортынды

 

Ақтау қаласы халқының саны 01.12.2024 жыл жағдайына 292 666  адамды құрады. Ол облыс бойынша халық санының (803 631 адам) 36,4%-ын құрайды (01.12.2023ж. – 281 125 адам).

       Халық саны жыл басынан барлығы 10 026 адам, оның ішінде:

       Табиғи өсім сальдосы -5486 адам:

      -туғандар - 6 759 адам, қайтыс болғаны – 1 273 адам;

       Көші-қон сальдосы-  4540 адам:

      -ішкі көші қон - 3842 адам (келгендер-16 628 адам кеткендер-12786 адам);

      -сыртқы көші қон - 3353 адам (келгендер - 3463 адам кеткендер - ТМД еліне 110 адам, басқа елдер -20 адам).

 

2024 жылдың қаңтар-қараша айларында  қаланың өнеркәсіп өнімдері 298,4 млрд.теңгені (2023 жыл қаңтар-қараша – 263,7 млрд.теңге) құрады. Нақты көлем индексі (одан әрі – нақты НКИ) – 99,1%.

Жылдық жоспар - 309,9 млрд.теңге.  

Ақтау қаласы ірі тау-кен өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының (химия өнеркәсібі, машина жасау, металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі) ең ірі өнеркәсіптік орталығы болып табылады.

Қаланың негізгі өндірушілері: «МАЭК» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» ЖШС, «CASPI BITUM» БК ЖШС, «Maga Bread» ЖШС және т.б.

Облыс бойынша өнеркәсіп өнімінің (2 762 млрд.теңге) ішінде қаланың үлесі – 10,8%. 

 

Өңдеу өнеркәсібі (өнеркәсіптің бір саласы)

Өңдеу өнеркәсібі 121,9 млрд.теңгені құрады, НКИ – 100,8% (2023 жыл қаңтар-қараша айында – 118,3 млрд.теңге). Жылдық жоспары - 148,4 млрд.теңге.

 

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 209,2 млрд.теңгені (2023 жыл қаңтар-қараша айларында – 167,4 млрд. теңге) құрады. НКИ – 123,3%-ды құрады.

 Жылдық жоспары - 295,3 млрд.теңге.

Облыс бойынша инвестиция көлемінің (859,6 млрд.теңге) ішінде қаланың үлесі – 24,3%. 

 

  Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 706,8 млн.теңге (2023 жылдың қаңтар-қараша айларында – 759,1 млн.тенге) құрады. Өсімдік шаруашылығы- 262,8 млн.теңге, мал шаруашылығы – 442,8 млн.теңге. НКИ–100,5%.

Анықтама: ірі қара малдың саны өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 50,4% -ға (192 бас), сиырлар 27,1% -ға (136 бас), жылқылардың 12,4% -ға (508 бас) артты.

 

 Көрсеткіштің 62,6% - мал шарушылығы. Мал санының өсуі, әсіресе ет өнімдеріне сұраныстың артуымен байланысты. Қала тұрғындарының етке деген қажеттіліктері өскен сайын, мал шаруашылығына сұраныс та артуда. Сонымен қатар, мал шаруашылығындағы өсім қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын құруға және салық түсімдерін арттыруға ықпал етуде.

      Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Орал және Ақтөбе қалаларынан ірі жүк көліктері арқылы айына тірілей 250-300 мал басы (100 тонна) қаладағы 4 мал сою пункттеріне әкелінеді және ауыл шаруашылығы өнімінің көлеміне тірілей сойылған түрдегі ет салмағы есепке алынады.

 Жылдық жоспары 1400  млн.теңге.

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі – 122,5 млрд.теңгені құрады               (2023 жылдың қаңтар-қараша айларында – 50,3 млрд.теңге). Нақты көлем индексі – 3,0 есе өсімді құрады.

Қалалық құрылыс жұмыстары көлемінің үлесі облыс бойынша жалпы көлемнің (259,5 млрд.теңге) 47%-ын құрады.

Жылдық жоспар (28,4 млрд.теңге) 3,8 есе аса орындалды.

 

2024 жылдың қаңтар-қараша айларында жалпы ауданы 497,3 мың шаршы метр (2023 жыл қаңтар-қараша айларында – 477,4 мың шаршы метр) тұрғын үй қолданысқа берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 4,1%-ға өскен. НКИ-104,2%. Облыс бойынша жалпы көлемнің (791 мың.ш.м.)  62,8%-ын құрады. Жылдық жоспары - 454,1 мың.ш.м. Осылайша жылдық жоспар 9 %-ға аса орындалады.

Облыс әкімдігінің қараша айына қала әкімдігіне қойған жоспары – 315,6 мың.ш.м. Қараша айында барлығы 800 ш.м. 2-жеке тұрғын үйі қолданысқа берілді.

 

Жұмыс орындарын құру

Есепті кезеңде 8 942 жаңа жұмыс орындары құрылды, өткен жылдың қаңтар-қарашасында 10 175 жұмыс орны құрылған болатын, яғни 12%-ға азайған. Құрылған жұмыс орынның 6 523 жұмыс орны тұрақты болып табылады.

Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда жаңа жұмыс орын санының төмендеу себебі - жоспарланған  Ұлттық жобалар аясында жобаларды іске асыру мерзімінің кешіктірілуі, оған себеп - ЖСҚ (ПСД) түзету енгізу,  құрал-жабдықтардың уақытында жеткізілмеуі.

Жыл аяғына дейін барлығы 800 жұмыс орнын құру көзделген.

Тіркелген жұмыссыздар саны 4 686 адамды (2023 жыл қаңтар-қазан айында – 4 562 адамды) құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда жұмыссыздар саны 2,7%-ға өскен. (2024 жылға жаңа қаржы жылына жұмыс берушілермен субсидияланатын жұмыс орындары туралы жаңа шарттар жасалды Олардың бос орындары Электрондық еңбек биржасында жарияланды, бос жұмыс орындары көбеюіне байланысты хабарласқан жұмыссыздар саны артты).  

 

Орташа жалақы. 2024 жылдың IІІ тоқсанындағы көрсеткіш 555 366 теңгені құрады (2023 жылдың IІ тоқсаны  – 515 400 теңге), демек 7,8%-ға өскен.

Мәлімет үшін. Ең жоғары жалақы кен өндіру өнеркәсіпте – 1 284 332 теңге,  көлік және қоймалауда – 708 934 теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 581 693 теңге,  құрылыс – 487 791 теңге. Ең төменгі жалақы:, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласы – 198 566 теңге, өнер, ойын-сауық және демалыс – 185 452 теңге. 

Дата публикации
14 января 2025