АҚТАУ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016 - 2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласы 1963 жылы 10 желтоқсанда құрылған және Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Ақтау қаласынан Астана қаласына дейін қашықтық – 2720 км.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі - Ақтау қаласы мен орналасу қашықтығы қаладан 13 км. Өмірзақ селосы.

Қаланың солтүстік бөлігі Түпқараған ауданымен шектеседі (4,8 км.), оңтүстік-шығысы – Мұнайлы ауданымен (75,9 км.), батыс бөлігі Каспий теңізімен ұласып тұр.        

Өңірдің климаты қатаң–континентті, аса құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы Целсий бойынша – 14, –19 °С, шілде айында + 26, +40°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері – 100-150 миллиметр.

Қаланың Каспий теңізінің жағасында географиялық ыңғайлы орналасуы негізгі туристік ағындарды шығаратын елдерге жақындауын қамтамасыз етеді. Көлік логистикасы және туризм облыстың маңызды бәсекеге қабілетті басымдықтарымен анықталған, олар экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек.

Ақтөбе, Орал және Атырау қалаларымен бірге Батыс макроөңірінің бірыңғай қоныстандыру жүйесінің тірек кеңістіктегі қаңқасын қалыптастыратын облыс орталығы – Ақтау қаласы негізгі өсу орталығы болып белгіленді.

АҚТАУ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016 -2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Дата публикации
15 февраля 2020