Бейнеу аудандық мәдениет үйінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастарыуымен «Жастар премиясы - 2024» сыйлығын табыстау салтанатты шарасы өтті. Шараға аудан әкімі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы, аудандық мәслихат төрағасы Бораш Ардақ Рәббімұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Азанов Шайхы Жаңабайұлы, құқық қорғау органдарының және мекеме басшылары, сала қызметкерлері мен аудан жастары қатысты.
Шара барысында аудан әкімі Рахымжан Ысқақұлы құттықтау сөз сөйлеп, жастардың қоғамдағы рөлі мен елдің дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті. Бірқатар белсенді жастарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Байқауға аудан көлемінде түрлі сала бойынша ең үздік жас мамандар іріктеліп алынды. Арнайы комиссия құрамы жеңімпаздарды анықтап, мерекелік шарада олардың есімдері салтанатты түрде жарияланды.
Бұл шара жастардың отансүйгіштік, еңбекқорлық қасиеттерін арттыру, қоғамдық-саяси, мәдени және экономикалық өмірдегі белсенділіктерін қолдау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Әр салада айтарлықтай жетістіктерге жеткен, ел өміріне үлес қосқан 14-35 жас аралығында жастар іріктелді. Жыл бойында жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, жастар қозғалысының дамуына белсенді қатысқан мамандар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
1) Үздік жас құқық қорғау саласының қызметкері - Өмірбай Айман Алдабергенқызы
2) Үздік жас әскери сала қызметкері - Әбдіхалық Жақыпбек Маратұлы
3) Үздік жас дарын - Дүйсенбек Абылан Жанарбекұлы
4) Үздік жас әлеуметтік сала қызметкері - Аманғосова Мөлдір Мұхитқызы
5) Үздік жас мәдениет қызметкері - Қаржауов Жандарбек Жолдасбайұлы
6) Үздік жас спортшы - Айытмуханов Бақытжан Қайратұлы
7) Үздік жас өндіріс және техника саласының қызметкері - Аманбеков Абылайхан Сарсенұлы
8) Үздік жас кәсіпкер - Туғанбаев Дархан Исламбекұлы
9) Үздік жас медицина қызметкері - Өрнекешова Раушан Нұрниязқызы
10) Үздік жас ерікті - Малбағаров Аңсаған Жәнібекұлы
11) Үздік жас тәрбиеші - Көкекбаева Нұргүл Жұмабайқызы
12) Үздік жас мұғалім - Бөкенбайқызы Қымбат
13) Үздік жас теміржолшы - Қожбанов Қуандық Нұрмұханұлы
14) Үздік жас өрт сөндіруші - Хайтбаев Сауран Қосайұлы
15) Үздік жас мемлекеттік қызметкер - Рысмағамбетов Нұрлан Нұралыұлы
Үздік жастарға арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табысталды. Салтанатты шара Ақтау қаласынан келген әншілер мен аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.