Бейнеулік отбасы облыстық «Абысын-ажын» конкурсында бас жүлде иеленді

Бейнеулік отбасы облыстық «Абысын-ажын» конкурсында бас жүлде иеленді

Маңғыстауда алғаш рет "Абысын-ажын" облыстық байқауы өтті. Байқауға аудан, қаладан келген жеті команда бақ сынады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Байқаудың мақсаты - абысын, келін арасындағы татулықты насихаттау. Байқауда қатысушылар әдет-ғұрып, салт-дәстүр, көркемсөз оқу, ас мәзірін даярлау бойынша сынға түсті.

Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдеге Бейнеу ауданынан келген Бітімовтер әулетінің 12 келіні ие болды. 1-орынды Жаңаөзен қаласынан келген Смағұловтар әулетінің келіндері еншіледі. 2-орынды Маңғыстау ауданының Төлеубай ата әулетінің келіндері алса, 3-орынды Түпқараған ауданынан қатысқан Өтебаевтар әулетінің келіндері қанжығаға байлады.

Айта кетейік, байқау "Amanat" партиясының Маңғыстау облыстық филиалының қолдауымен, республикалық "Қазақ аналары - дәстүрге жол" ҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті.