Көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі

Көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі

Бейнеу ауданында барлығы 90 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан. Барлық көпқабатты тұрғын үйлер жеке өзіндік жылыту көздерімен қамтамасыз етілген. Тілсіз жау күз келе екі есеге көбейіп, өрт сөндірушілердің үнемі сақадай сай болуын тексергендей. Осындайда өрт және төтенше жағдайға жауапты мекемелердің тынымы кетеді, жұмыстары қауырт болады. Себебі де түсінікті, алты ай жаз пайдаланылмаған жылыту қазандықтары мен жылыту құрылғыларының осы кезде іске қосылатын уақыты. Ауданымыздағы көпқабатты тұрғын үйлерде кейбірлерінің жылыту қазандықтары тұрғын үйдің балконында немесе тұрғын үйдің ішінде орналасқан. Жылыту қазандығының жанына жиһаз және басқа да жанғыш заттарды жақын қоюға болмайды.

Көпқабатты үйде өрт болған жағдайда не істеу керек? Қалай құтылуға болады?

Өрттегі ең қауіпті факторлардың бірі - түтін. Ол көрші бөлмелерге розеткалар, есіктердегі саңылаулар және т.б. арқылы өте тез ене алады. Түтін кезінде адам бағдарын толығымен жоғалтады, сонымен қатар есінен тану үшін бірнеше секунд жеткілікті. Бірақ түтін ауадан жеңіл, алдымен ол көтеріліп, содан кейін ғана төмендейді, сондықтан өрт кезінде бөлме жоғарыдан төменге қарай түтінмен толтырылады, тіпті қатты түтін болса да, еденнің өзінде 10-20 см ауа қабаты қалады. Сондықтан, егер шығатын жер жабылып қалса, сіз 2-ші және одан жоғары қабатта тұратын болсаңыз және сізде балкон болмаған жағдайда есіктердегі барлық жарықтарды дымқыл шүберекпен жабыңыз, терезені сәл ашып, көмек шақырыңыз және сізді естігеннен кейін еденге төмен қарап жатыңыз. Сондай-ақ, егер сізге қатты түтіндеген бөлмеден шығу керек болса, еденге төмен қаратып жатып, аузыңызды дымқыл шүберекпен байлап, шығатын жаққа қарай жылжыңыз және міндетті түрде қабырға бойымен жүріңіз. Егер сіз жалғыз болмасаңыз, онда қолдарыңыздан ұстаңыз немесе мүмкін болса, жіппен байлап қойыңыз.

Бейнеу ауданының төтенше жағдайлар бөлімі