«Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ хабарлайды

«Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ хабарлайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы             6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратарының мемлекеттік қызметшілеріне  әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша (тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттік кредит рәсімдеу үшін) электрондық форматта  «электрондық үкімет» веб - порталы  (egov.kz) арқылы құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 30 қыркүйек күні, сағат 09-00-ден басталатынын хабарлаймыз. Қажетті құжаттар тізімі:

Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алған кезде:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  2. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  3. Жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  4. Көрсетілетін қызмет алушының еңбек қызметін растайтын құжатының көшiрмесi;
  5. Кредиттік бюродан есеп;
  6. Сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы кәулік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін).

Барлық сұрақтармен «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ  8 (72932) 2-53-79 нөмеріне хабарласыңыз!