Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 1 қарашадағы № 684 Жарлығымен наградталған Бейнеу ауданының 7 анасына "Алтын алқа" және 10 анаға "Күміс алқа" салтанатты түрде табысталды.
Шараға аудан әкімі Әбілов Бейнеубек Көңілімқосұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңбыров Сұлтан Талпақұлы, аудандық мәслихат хатшысы Мансуров Қуан Орынбасарұлы, "Nur Otan" партиясы Бейнеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолышов Тұралы Ботақараұлы және аудан әкімінің орынбасары Шалбаев Рахымжан Сқақұлы мен бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
"Мемлекет отбасы институтын дамыту жолында жұмыстар істеуде, барынша қолдау танытуда. Сіздер үйдің де, түздің де шаруасын қатар алып жүріп, ауданымыздың дамуына өзіндік үлестеріңізді қосып келесіздер. Біздің халық әрқашан отбасы құндылығын жоғары қойған. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер. Сіздерге еңбектеріңізге табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік пен бақыт тілеймін. Марапаттарыңыз құтты болсын" – деді аудан әкімі Бейнеубек Көңілімқосұлы.
Шара соңы аудан өнерпаздарының ән шашуымен аяқталды.