Бейнеулік кәсіпкер бөдене өсіруді қолға алды

Бейнеулік кәсіпкер бөдене өсіруді қолға алды

Бейнеу ауданының тұрғыны Әйгерім Нармұхамедова бөдене шаруашылығын қолға алды. Ол «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 21 күндік оқу курсын аяқтап, сертификатқа ие болған. Бұл туралы Бейнеу ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры Арыстан Сейілханов мәлім етті.

Жас кәсіпкер бөдене шаруашылығын ашу жөніндегі жобасын ұсынған. Нәтижесінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 583 400 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып алды.

«Бұл идея бұрыннан ойымда жүрді. Мемлекеттік бағдарлама арқылы жоспарым жүзеге асты. Бөлінген қаржыға қажетті құрал-жабдықтарды алып, ісімді бастап кеттім. Қазір бөдене еті мен жұмыртқаларын нарыққа шығарып отырмын. Күніне 60-қа жуық бөдене жұмыртқасы шығады. Аудан тұрғындары арасында осы өнімге деген сұраныс жоғары», - деді Әйгерім Нармұхамедова.

Әйгерім Нармұхамедова алдағы уақытта кәсібін ұлғайтып, арнайы ферма ашуды көздеп отыр.