Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ең ұлық саналатын Құрбан айт мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! «Құрбан» сөзі араб тілінен аударғанда «Алла тағаланың разылығына жақындау» деген мағынаны білдіреді. Бұл күні құрбан шалып, Алла тағаладан бас амандығына, мал-жан түгендігіне, ел тыныштығына тілек тілеген. Содан да болар бұл мереке қазақ халқының салт-дәстүрімен біте қайнасып келеді.
Дана халқымыз ықылым замандардан бері отбасы мен ағайын-туысты, жақындарды қадірлеп, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет таныта білген.
Қадірлі жамағат!
Құрбан шалу адам баласын шүкіршілік пен тәубеге, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады.
Ел бірлігін насихаттайтын Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін. Құрбан айт мерекесінде жасаған барлық ықылас – ниеттеріңіз қабыл болсын!

Құрметпен, аудан әкімі Б.Әбілов