Маңғыстау облысында соңғы тәулікте 208 адамнан коронавирус анықталды

Маңғыстау облысында соңғы тәулікте 208 адамнан коронавирус анықталды

16.07.2021 ж ақпарат бойынша өткен тәулікте Маңғыстау облысында 208 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 120 Ақтау қаласының тұрғыны, 22 Мұнайлы ауданының тұрғыны, 15 Маңғыстау ауданының тұрғыны, 11 Бейнеу ауданының тұрғыны, 18 Түпқараған ауданының тұрғыны, 7 Қарақия ауданының тұрғыны, 15 Жаңаөзен қаласының тұрғыны.

Науқастардың ішінде 142 симптомды, 66 симптомсыз.

Осы дерттен 4 адам көз жұмды.