Маңғыстау халқы 720 мыңға жетті

Маңғыстау халқы 720 мыңға жетті

Тәуелсіздік алғалы жеткен басты жетістігіміз – өңір тұрғындарының саны екі есе өсіп, бүгінде облыс халқы 720 мыңға жетті. Бала туу көрсеткіші артты. Маңғыстауға еліміздің өзге өңірлерімен қатар шет мемлекеттерден қандастарымыз көптеп көшіп келді. Бұл аймақтағы өмір сүру сапасының жақсарғанын білдірсе керек. Халық санының көбеюіне байланысты қалаларымыз өсіп, жаңа ауылдар мен тұтас бір аудан пайда болды. Мұнайлы ауданы - еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған алғашқы аудан. Ол кезде аудан халқының саны 53 мың болған. Бүгінде Мұнайлыда 174 мың адам тұрады.