Бейнеу ауданындағы Сам ауылында тұратын 22 жастағы Қаршыға Дәлубекұлы ата – бабадан ғасырлар бойы қалыптасқан қолөнердің ғажайып технологиясын дамытып жатыр. Оның қолынан шыққан бұйымдарға сұраныс жоғары.
Шебер бала кезінде атасынан ат әбзелдерін тоқуды үйреніпті. Әр тоқым, желдік, терлік,тартпа мен тұяқтығын дизайнымен қонымды етіп жасайды.
«Атамның ағаш сандықтан бастап әр түрлі бұйым жасағанын, ал нағашы атамның көрікпен қырықтық соққанына қызығатын едім. Ер-тұрманның жабдықтарын өзім қолдан жасаймын. Осы уақытқа дейін 20-ға жуық қазақ ерін жасап шығардым. Қазір түлкі терісін илеп, бөрік тігуді бастадым», деді Қаршыға Дәлубекұлы.