
Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, тұрмыстық қатты қалдықтарды тазалау, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау және денсаулық сақтау салаларына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, олардың заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің жедел әрі тиімді шешілуін қамтамасыз ету мақсатында тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
- Тұрғындардың талап-тілегі мен ұсынысын тыңдау – біздің басты міндетіміздің бірі. Әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмайды. Заң аясында шешілуі мүмкін барлық мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеледі. Халықпен ашық әрі тұрақты байланыс орнату – аудан әкімдігі жұмысының негізгі қағидаты, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша айына екі рет, әр аптаның сейсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдайды.