Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек және отбасылық жағдайларға қатысты сауалдарын жеткізді.

Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, мәселелерді заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, бірқатар көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Аудан әкімі өз сөзінде: «Әріптестер, бұл жерге келген тұрғындар босқа келмеуі керек. Олар өз мәселелерінің шешімін табу үшін келеді. Сондықтан біз олардың сұрақтарын шешуге барынша жұмыс жасауымыз қажет. Қабылдау кезінде берілген тапсырмалар уақытында орындалуы тиіс. Егер орындауға немқұрайлы қаралса, заң аясында тиісті шешім қабылданады», – деп атап өтті.

Мұндай қабылдаулар тұрғындар мен билік арасындағы байланысты нығайтып, халықтың өзекті мәселелерін дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.