Халыққа қолжетімді қызмет: Бейнеуде «Ашық есік күні» өтті

Халыққа қолжетімді қызмет: Бейнеуде «Ашық есік күні» өтті

Бейнеу ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Ашық есік күні» өтті. Шара барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар алып, қажетті ақпараттарға қол жеткізді.

Сонымен қатар, жауапты мамандар мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алудың тиімді жолдарын түсіндіріп, жан-жақты құқықтық кеңестер берді.