Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қолдау және тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы сұрақтар қойылды.
 
Қабылдау кезінде аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішін тыңдап, көтерілген мәселелерге қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты жауап берді. Кейбір мәселелерді шешу бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны атап өтті.
Қабылдау барысында аудан әкімі тұрғындармен ашық әрі еркін форматта пікір алмасудың маңыздылығына тоқталып, халықпен тікелей байланыс – жергілікті билік жұмысының басты бағыттарының бірі екенін жеткізді. «Әрбір азаматтың мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс. Билік пен халық арасындағы ашық диалог нақты нәтижеге жеткізеді. Сондықтан тұрғындардың ұсыныс-пікірлері біз үшін аса маңызды», – деді аудан әкімі Рахымжан Ысқақұлы.
 
Естеріңізге сала кетейік, аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша айына екі рет тұрақты түрде қабылдайды. Қабылдау аптаның сейсенбі күні сағат 15:00-ден 16:30-ға дейін жүргізіледі. Тұрғындар аудан әкімдігіне алдын ала жазылу арқылы қабылдауға келеді.