Дүниежүзілік сайлау күніне орай Ашық есік күні өтіп жатыр

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Ашық есік күні өтіп жатыр

Бүгін Бейнеу аудандық сайлау комиссиясында Ашық есік күні ұйымдастырылуда. Іс-шараға аудан тұрғындары қатысып, өздерінің толғандырған сауалдарын қойып, қажетті ақпарат алуға мүмкіндік алды.

Аудан азаматтары сайлау комиссиясының жалпы қызметі, Жаңа Конституция аясындағы өзгерістер, алдағы уақытта жоспарланған сайлаулар, сондай-ақ сайлауға кандидат ретінде өзін ұсыну тәртібі бойынша сұрақтар қойды. Сайлау комиссиясына халық тарапынан қойылған барлық сұрақтарға заң талаптарына сәйкес толық әрі нақты жауаптар берілді.

Ашық есік күні азаматтардың сайлау саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыруға және сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталды. Тұрғындарды біздің қызметімізге қатысты қызықтыратын, көкейлерінде жүрген сұрақтар болса, келіп сұрақтарыңызға толық ақпарат алуға шақырамыз.