“Әкім болсам…” тақырыбында эссе жазу іс-шарасы өткізілді

“Әкім болсам…” тақырыбында эссе жазу іс-шарасы өткізілді

Дүниежүзілік сайлау күніне орай студенттер арасында қоғамдық-саяси көзқарасты қалыптастыру, ойлау мәдениетін дамыту мақсатында “Әкім болсам…” тақырыбында эссе жазу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін әкім орнына қойып, өңірді дамытуға бағытталған тың идеяларымен бөлісті. Студенттер әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары, жастарға қолдау көрсету, білім сапасын арттыру және қоғамдық жауапкершілік мәселелері бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Аталған іс-шара жастардың ойлау қабілетін дамытып, олардың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Қатысушылар өз ойларын нақты әрі жүйелі түрде жеткізе білді.