
Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері Жас сайлаушылар клубының өкілдерімен кездесіп, 2026 жылдың алғашқы бірлескен отырысын өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – алдағы жылға жоспарланған іс-шараларды талқылау және жас сайлаушылардың сайлау процесіне белсенді қатысуын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелеу болды.
Отырыс барысында қатысушылар өткен кезеңде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, биылғы жылға арналған жылдық жоспарды бекітті. Жоспарға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесулер, түсіндіру жұмыстары, семинарлар мен танымдық іс-шаралар енгізілді.
Аудандық сайлау комиссиясы мүшелері жас сайлаушылармен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтіп, олардың азаматтық белсенділігін көтеру – демократиялық қоғамды қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі екенін жеткізді. Ал Жас сайлаушылар клубының мүшелері алдағы уақытта жоспарланған іс-шараларды сапалы әрі нәтижелі өткізуге дайын екендерін білдірді.