Аудан әкімі Сарға және Сыңғырлау ауылдарында болды

Аудан әкімі Сарға және Сыңғырлау ауылдарында болды

Аудан әкімі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы Сарға және Сыңғырлау ауылдарында болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Сарға ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан медициналық пунктке барып, нысандағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді. Жөндеу жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы қажеттігі атап өтілді.

Бұдан кейін аудан әкімі Сыңғырлау ауылында орналасқан ауылдық клубқа барып, жөндеу жұмыстарынан кейінгі ғимараттың ішкі бөліктерімен танысты. Жаңартылған бөлмелерді және ауылдағы абаттандыру бағытындағы өзгерістерді ауыл әкімі Қуан Мансуров таныстырып өтті.

Өз кезегінде аудан басшысы жасалған жұмыстарға оң бағасын беріп, ауыл тұрғындарының мәдени-әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды жалғастыру керектігін атап өтті. Сондай-ақ, көрсетілген нысандарда қызмет сапасын арттыру, ұқыпты пайдалану және алдағы жоспарларды жүйелі орындау жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.