Кезекті аппараттық жиын өтті

Кезекті аппараттық жиын өтті

Бейнеу ауданының әкімі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлының төрағалығымен аудан әкімдігінде кезекті аппараттық жиын өтті. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Бораш Ардақ Рәббімұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімінің аппарат басшысы, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ ауыл әкімдері қатысты.

Жиын барысында алдымен мекеме, кәсіпорын және бөлім басшылары өткен аптада атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Көкекбаев Алтынбек Жұмабайұлы бөлімнің 2025 жылдың 10 айында жүзеге асырған жұмыстары жөнінде баяндама жасады.

Аудан әкімі Рахымжан Ысқақұлы әлеуметтік бағыттың маңыздылығына тоқталып, бөлім жұмысына қатысты бірқатар тапсырмалар берді: «Бұл бөлім халықпен тікелей жұмыс жасайды. Тұрғындар мұнда мәселе туындаған кезде әлеуметтік көмек алуға келеді. Сондықтан әр азаматтың өтініші заң талаптарына сай әрі дер кезінде шешілуі тиіс. Мүмкіндік болса, әлеуметтік әлсіз жандарға барынша қолдау көрсетілуі қажет», — деді аудан әкімі.