Бейнеу ауданында «Ұлттық диктант» акциясы өтті

Бейнеу ауданында «Ұлттық диктант» акциясы өтті

Бейнеу ауданы әкімдігінің қызметкерлері жалпыұлттық «Ұлттық диктант» акциясына қатысты.

2025 жылғы 31 қазан күні еліміздің барлық өңірлерінде өткен жалпыұлттық «Ұлттық диктант» акциясына Бейнеу ауданы әкімдігінің қызметкерлері белсене қатысты. Аталған шара Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің бастамасымен және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – тұрғындар арасында мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және ана тіліне деген құрмет пен азаматтық жауапкершілікті арттыру болып табылады. Диктант жазу барысында қатысушылар мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін танытып, өз білім деңгейлерін тексерді.

Бейнеу ауданында диктант барлық мекемелер мен ұйымдарда бір мезетте өткізілді. Қызметкерлер бұл бастамаға белсене қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға өз үлестерін қосты.