Аудан басшысы абаттандыру жұмыстарымен танысты

Аудан басшысы абаттандыру жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Бораш Ардақ Рәббімұлы Тәжен ауылында болып, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Бірнеше нысандарды аралау барысында аудан басшысы жаяу жүргіншілер жолының құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізіп, Тәжен ауылының әкіміне жұмыстың сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді және бақылауды күшейтуді тапсырды.

– «Биылғы жылы абаттандыру жұмыстарына барлық ауылдарға жеткілікті қаржы бөлінді. Сондықтан әр ауылда бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылуы қажет. Ауылдағы қоғамдастық жиналысының және ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен бірлесіп қоғамдық бақылауды күшейту керек. Ең бастысы – тұрғындар үшін сапалы әрі ұзақ мерзімге жарайтын дүние жасалуы тиіс», – деді аудан әкімі.