
Аудан әкімі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтар жұмыссыздық, әлеуметтік көмек және тұрғын үйге қатысты мәселелерін көтерді.
Өз кезегінде аудан басшысы тұрғындар өтініштерін мұқият тыңдап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, айтылған мәселелердің орындалуын жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.