БЖЗҚ күндізгі қызмет көрсету тәртібін 198 бөлімшесіне қайтадан орнатты

БЖЗҚ  күндізгі қызмет көрсету тәртібін 198 бөлімшесіне қайтадан орнатты

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақталуына, сондай-ақ, коронавирус індетімен (COVID-19) сырқаттану жағдайларының төмендеуіне байланысты коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бұрын қабылданған бірқатар шектеу шаралары алынып тасталды.

Осыған байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бөлімшелерінің көп бөлігі үйреншікті күндізгі қызмет көрсету режиміне оралды. Қазіргі уақытта 198 қызмет көрсету орны алдын-ала жазылу бойынша күндізгі, 7-еуі байланыссыз, 7-еуі қашықтықтан жұмыс істейді.

Күндізгі режимде қабылдауға жазылуды enpf.kz корпоративтік сайтында екі-үш әрекетпен-ақ оп-оңай іске асыруға болады. Сайттың басты бетіндегі «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет алу кезегін брондау» баннерін басып, әрі қарай Сіз біздің филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетіңізше таңдай аласыз.

Филиалдардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері. Түскі үзіліс кезінде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейін операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртіп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында жұмыс үстелін, орындықтарды, есік тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттық екі техникалық үзіліс  қарастырылған.  

Сонымен қатар  БЖЗҚ қызметінің өзге де түрлерін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту, ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сіз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде ала алатындығыңызды естеріңізге саламыз (электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша нұсқаулықтар тиісті бөлімдерде қоса беріледі).

Бұдан бөлек, БЖЗҚ-да қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған барып қызмет көрсету бөлімі қызметі жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметті көзбе-көз алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Азаматтарға барып қызмет көрсету барысында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштерді) ресімдеу қызметі көрсетіледі. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға), (мерзімсіз уақытқа мүгедектік берілген 1-2 топ мүгедектеріне)  санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып, сапалы қызмет көрсету жүзеге асырылады.

            Қор қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерін алу үшін қашықтықтан қолдау көрсетуге әрқашан дайын:

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;

4) www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік  желілердегі  аккаунттар.

           Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтік сайтында алдын ала онлайн түрде тексеріп, кейіннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жіберу жолымен қызмет көрсету де қарастырылған.

            «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарының тізімі мен олардың жұмыс тәртібі сілтеме бойынша қолжетімді.