Бейнеу ауданының әкімі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы «Qamqorlyq» оңалту орталығында болып, жаңа нысанның ашылуына дайындық жұмыстарын қарады.
Аудан әкімдігінің қолдауымен орталық орналасқан ғимаратта толық көлемді күрделі жөндеу жүргізіліп, нысан Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының балансына берілді.
Орталықтың жұмысы жайлы аудан басшысына «Қамқорлық» қоғамдық қорының дәрігер-реабилитологы және жоба координаторы Нұрқожаева Айнұр Мырзаханқызы жан-жақты ақпарат берді.
Бұл орталық аудан әкімінің сайлауалды бағдарламасы аясында жоспарланып, жүзеге асырылып отыр. Жоба «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, «Қамқорлық» қоғамдық қоры, «QH Оңалту орталықтары» және «QH Аудандық оңалту орталықтары» корпоративтік қорының әлеуметтік бастамалары аясында іске асырылуда.
Қазіргі таңда аудан бойынша оңалтуды қажет ететін 18 жасқа дейінгі 600 бала диспансерлік есепте тұр. Жаңа орталықта балаларға амбулаториялық жағдайда кешенді түзету көмегі көрсетілетін болады. Ай сайын 50 балаға дейін, жылына 600 бала оңалтудан өтеді. Әрбір емдеу курсының ұзақтығы – 14 күн.
Орталық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Оның ішінде:
«Шунгит» бөлмесі, тұз шахтасы, «Галоионотерапия» бөлмесі, «Сенсор» бөлмесі, интеллектуалды физиотерапиялық жүйе, иммерсионды ванна, бальнеологиялық душ-массаж ваннасы және басқа да арнайы құрылғылар бар. орыс тіліне аударып берші