Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында олардың ерікті бастамаларымен жүзеге асырылған шараларды дәріптеудің тетіктерін кеңейту бойынша 2023 жылдың маусым айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жанында «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы өз қызметін жүзеге асырып келеді.
Кеңесші орган мемлекеттік қызметкерлердің белсенді өмірлік дағдыларын қалыптастыру, олардың қоғамдық жұмыстарға араласуы, яғни көшелерді көгалдандыруға, табиғат орындарын тазартуға, қан донорлығына және басқа да іс-шараларға белсенді қатысу арқылы еріктілер қозғалысының қатарын кеңейтуде өз қызметін жүзеге асырады.
2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің іс-шараларға белсенді қатысу арқылы еріктілер қозғалысының қатарын кеңейту мен мемлекеттік қызметтегі ардагерлерді ардақтау және мемлекеттік қызметте көпжылдық тәжірибесі бар білікті мемлекеттік қызметкерлері, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдеріне құрмет көрсету, мереке күндері мен төл мерекелерде назардан тыс қалдырмау бағытында бірнеше алғыстар жарияланды.
Атап айтқанда, Мемлекеттік қызметшілердің іс-шараларға белсенді қатысу арқылы еріктілер қозғалысының қатарын кеңейту бағытында Маңғыстау облысының мәслихатымен «Senat Open 2025» шахмат турнирінің ІІ ашық кубогының іріктеу кезеңінің өткізілуіне мемлекеттік қызметшілердің қатысуын аумақтық Департамент тарапынан және Департамент жанындағы кеңесші органның мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Кеңесші органның 2025 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, БАҚ өкілдеріне құрмет көрсету, мереке күндері мен төл мерекелерде назардан тыс қалдырмау бағытында «28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай «Қоғамдық коммуникация орталығы» және «MangystauTV» телеарнасының басшылары мен қызметкерлерін құттықтап, алғыс білдірілді.
«23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай «14 маусым - Дүниежүзілік донор күнінде» Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызметкерлер ерікті бастамаларымен қан донорлығына қатысты. Мемлекеттік қызметшілердің осы ерікті бастамасын қоғам алдында кеңінен насихаттау бағытында, акцияға БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері де тартылды.
Бүгінде мемлекеттік қызметшілер тек кәсіби міндеттерін атқарып қана қоймай, азаматтық бастамалар арқылы қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Соның жарқын үлгісін Маңғыстау мүлік жекешелендіру департаментінің басшысы М.Камалов көрсетіп жүр. Ол бірнеше уақыттан бері кеңесші орган тарапынан ұйымдастырылатын қан донорлығы акцияларына тұрақты түрде қатысып келеді. Қызмет бабында талапшыл, әділ және кәсіби маман ретінде танылған ол ерікті ретінде де белсенді. Әрбір қан тапсыру акциясына тек өзі ғана емес, ұжымдағы қызметкерлерді де тартуға тырысады.
Маңғыстау облысының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ Қазынашылық департаменті, Маңғыстау облысының әкімдігі және оған қарасты басқармалар мен қала, аудан әкімдіктеріндегі ұжым қызметкерлері өңірде ұйымдастырылатын әлеуметтік, экологиялық және қайырымдылық бағыттағы шараларға тұрақты қатысып келеді. Мемлекеттік қызметкерлер өңірдегі сенбіліктерге, көгалдандыру және тазалық акцияларын ұйымдастырып қана қоймай өздері де белсенді түрде қатысады. Олардың бұл бастамалары экологиялық мәдениетті қалыптастыру арқылы қоғамға қызмет етудің үлгісін көрсетіп келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік мекемелерге, көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге көмек көрсету – олардың ерікті жұмысының бір бөлігіне айналған.
Одан басқа, мемлекеттік қызметшілер мен ерікті қоғам белсенділерінің арасында өзара әрекеттестікте артып келеді. Маңғыстау облысының әкімдігіне қарасты бірқатар ведомстволар жастар ұйымдарымен, жоғары оқу орындары, колледждер және мектептермен бірлесіп түрлі іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Бұл өз кезегінде жастар арасында мемлекеттік қызметке деген оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметшілерінің ерікті бастамалары – қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтушы, әлеуметтік әділеттілікті ілгерілететін маңызды құрал. Сондықтан еріктілік тек қосымша міндет емес, ол заманауи мемлекеттік қызметшінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс қажеттілік.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Т. Жұмағұлов