2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша аумақтық Департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының өндірісінде 79 арыз-шағым қаралды.
Арыз-шағымдарды қарау нәтижесінде 22 азамат пен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында тиісті шешімдер қабылданды. Департаменттің бақылау басқармасымен мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтардың арызы бойынша 16 жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу арқылы қаралды.
Соның ішінде бақылау басқармасымен 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 18 мемлекеттік қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді.
Атап айтқанда, Соттар әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіндегі 10 мемлекеттік қызметкердің ұжымдық арызы қаралды. Арызда мемлекеттік қызметкерлердің жыл сайынғы еңбек демалысының кестесі бекітілмегендігіне байланысты құқықтарын қалпына келтіруді сұраған. Тексеру барысында арыз иелері 2025 жылға арналған кезекті еңбек демалыстарының кестесінде олардың жұмыс берушісімен бекітілмегендігі белгілі болды.
Осыған сәйкес, аумақтық департаментпен бақылау бағытында жүзеге асырылған тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізіліп, нәтижесінде 10 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Бұдан басқа, бақылау басқармасымен қаралған арыз-шағымдар арасында М есімді мемлекеттік қызметші тарапынан, ұжымдағы А есімді мемлекеттік қызметшіге қатысты Әдеп нормаларына қарсы мінез-құлық танытқаны үшін, қызметкерге тәртіптік шара қолдану туралы ұсыным енгізіліп, тиісті шара алынды.
Мемлекеттік қызметшілердің тиесілі бонустарын беру жөнінде Маңғыстау облысының әкімі аппаратына, Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасына және Маңғыстау облысының әділет департаментіне тексеру нәтижесінде ұсынулар енгізіліп, 3 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.
Сонымен қатар, Қ есімді мемлекеттік қызметшіге Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен қолданылған тәртіптік жазаның күші жойылды. Бұл ретте мемлекеттік қызметкердің құқығын қалпына келтіру тексеру нәтижесімен енгізілген ұсыну арқылы жүзеге асырылды.
Ш есімді мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметке конкурсқа түсуіне байланысты сұрау салуына тиісті оң шешім қабылданды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларының сақталуын бақылау Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басты назарында.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Т. Жұмағұлов