Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

Бейнеу ауданы әкімінің аппараты "Акиматсервис" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып Ергалиев Сакен Смагулович тағайындалды.

Сакен Смагулович 1989 жылы 3 қарашада дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2019 жылы Silkway халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Манашы орта мектебінде музыкант болып бастаған. 2013 жылы «Бейнеу КМК Теміржол жөндеу» АҚ, 6 разрядьты жүргізуші, 2015 жылы «А1 Security» ЖШС-інде күзетші, 2024 жылы қаңтар айынан осы уақытқа дейін Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы төрағаның орынбасары болып жұмыс атқарған.

БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ