Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына Көкшеев Сәкен Сағызбайұлы тағайындалды.
Сәкен Сағызбайұлы 1986 жылғы 4 мамырда Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Бейнеу селосы әкімінің аппаратында бастаған. Әр жылдары түрлі жауапты лауазымдарда қызмет атқарған. Атап айтқанда:
- 2009–2010 жылдары – Бейнеу селосы әкімінің аппаратында инспектор;
- 2010–2012 жылдары – Бас маман;
- 2012–2013 жылдары – Әлеуметтік жұмыстары бөлімінің басшысы;
- 2013–2014 жылдары – Коммуналдық және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің басшысы.
- 2015-2016 жылдары теміржол саласында Бейнеу - Тассай жаңа темір жолы мекемесінде 1 категориялы инженер, Құрсай монтерлік пунктінде Электромеханик, Тұрыш қосалқы станциясында аға электромеханик қызметтерін атқарған.
- 2016 жылы – Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінде инспектор;
- 2016–2017 жылдары – Бейнеу ауданы әкімінің аппаратында ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы;
- 2017 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінге дейін – Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ