Құрметті автокөлік иелері!

Құрметті автокөлік иелері!

Бейнеу ауданының ТЖБ автокөлік құралының өртенуінің алдын алу шараларын еске салады:

✅Автокөлікке техникалық қызмет көрсетуді назардан тыс қалдырмаңыз.
✅Отын жүйесі мен электр сымдарын көзбен шолып тексеріңіз. Газ багының қақпағы бүтін және тығыз жабылуы керек. Сымдар қаптамасы бүтін болуы шарт.
✅Машинада ЖЖМ мен газ баллондарын тасымалдауға болмайды.
✅Бензинді тасымалдау үшін пластикалық канистрлерді пайдаланбаңыз.
✅Қозғалтқыш қосылған кезде машинаға ЖЖМ құймаңыз.
✅Өрт сөндіргіштердің бар-жоғын және жарамдылығын үнемі тексеріп отырыңыз.