Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтып, қауіпсіз ортада ойнауына жағдай жасау – басты мақсатымыз.
Атырау қаласындағы 29 мекенжайда (Береке, Көкарна, Құрсай, Жұмыскер, Авангард, Геолог, Сарыарқа көшесі және басқа да аумақтарда) 20х15, 20х20 және 40х25 (2 дана “Кеме” түріндегі алаңдар) көлеміндегі балалар ойын алаңдарын салу жұмыстарына оң қорытынды алынып, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Айта кетейік, 2024 жылы қаланың 15 аумағында (Өркен, Нұрсая, Зарослый, Алмагүл, Авангард, Вокзал маңы, Атырау ықшам аудандары және т.б.) өлшемі 12х12 болатын жаңа балалар ойын алаңдары және 40-қа жуық спорттық алаң салынып, халық игілігіне берілді.
Бұл – балалардың шат күлкісі мен ата-аналардың ризашылығына толы игі бастама. Алдағы уақытта Атырау қаласын көркейту және жайлы қалаға айналдыру бағытында жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.