АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ШӘКІР КЕЙКИН НҰРСАЯ, САМАЛ, ЖЕРҰЙЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ШӘКІР КЕЙКИН НҰРСАЯ, САМАЛ, ЖЕРҰЙЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесуде қала әкімі алдымен аталған шағын аудандардағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Кейін қала әкімі тұрғындардың сұрағына жауап берді.

Тұрғындар жаңа көшелерге жаяу жүргіншілер жолын төсеу, көп қабатты тұрғынүйлерді терможаңғыртудан өткізу, электр желісі бойынша ұсыныстар мен мәселелерін көтерді.

Қала әкімі азаматтар көтерген әр мәселе өзектілігіне қарай заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

Қала әкімінің кездесуі қалалық әкімдіктің ресми әлеуметтік желі парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.