АТЫРАУДАҒЫ САЯЖАЙ ҮЙЛЕРІ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН НЫСАНДЫҚ БАҒЫТЫН ӨЗГЕРТУ ЖОСПАРЫ

АТЫРАУДАҒЫ САЯЖАЙ ҮЙЛЕРІ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН НЫСАНДЫҚ БАҒЫТЫН ӨЗГЕРТУ ЖОСПАРЫ

Атыраудағы саяжай үйлері: инфрақұрылым мен нысандық бағытын өзгерту жоспары

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Речник, Рыбник, Химик, Гидротехник бау-бақша қоғамдастықтарының төрағалары және саяжай тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар көтерген басты мәселе – саяжай үйлерін жеке тұрғын үй секторына ауыстыру және инфрақұрылым жүргізу.

Қала әкімі бұл бағытта облыстық басқармамен бірлесіп, қаланың Бас жоспарын әзірлеу және оны бекіту жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, қалалық сәулет, құрылыс және жер қатынастары бөлімі жүргізіп жатқан түгендеу жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруды тапсырды.

Айта кетейік, инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары осы жылы басталады. Сонымен қатар, қаладағы жол жөндеу жұмыстары басталған уақыттағы ескі асфальт қабатының қалдықтарын бау-бақша қоғамдастығы жолдарына төселетін болады. Асфальт қалдықтары бойынша заңсыздықтарды анықтау үшін құзырлы органдармен бірлескен шаралар қолға алынатын болады.

Қала әкімінің айтуынша, бұл жұмыстар саяжай тұрғындарының түйткілді мәселелерінің шешімін табуға бағытталған. Жергілікті билік тұрғындардың мәселелерін кезең-кезеңімен шешіп, қаланың инфрақұрылымын дамытуға басымдық береді.