ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ

Елге қызмет – қасиетті парыз

 Бүгін  қала әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында ерекше маңызға ие іс-шара өтті.  Шарада мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған 6 қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады. 

 Бұл рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, қала әкімі аппаратының басшысы, мемлекеттік қызметкерлер мен әріптестердің қатысуымен өтті. 

 Ант қабылдаушылар салтанатты түрде өз міндеттерін адал атқаруға, ел игілігіне қызмет етуге ант берді. 

 Салтанатты жиында қала әкімі аппаратының басшысы Айбек Кадралиев құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлерді адал еңбегімен ел мүддесін ақтауға шақырды. 

 -        Ант қабылдау – үлкен жауапкершілік пен сенімнің белгісі. Бұл күн сіздер үшін ел алдындағы адал қызмет жолының бастамасы. Әрқайсыңыздың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, ел Президентінің саясатын жүзеге асыруда маңызды үлес қосатыныңызға сенім білдіреміз. Еліміз үшін қызметтеріңіз жемісті болып, алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жете беріңіздер!- деді А. Кадралиев.