Өткен жылы Атырау қаласында 9 907 жаңа жұмыс орны ашылды

Өткен жылы Атырау қаласында 9 907 жаңа жұмыс орны ашылды

Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген 14 мыңнан аса адамның 8​ 259-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды. ​ 920 жұмыссыз кәсіби оқытуға тартылып, 2 034 адам уақытша жұмыстарға қатысуға мүмкіншілік алды.

2020 жылы қала аумағында 9 907 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, жаңа бизнес идеясын іске асыруға 240 адамға 133,2 млн.теңге құрайтын мемлекеттік грант берілді» деді қала әкімі Қайрат Оразбаев.

Жалпы, Атырау қаласы бойынша 40 488 ​ шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.