Биыл Атыраудағы Береке, Самал ықшамаудандарынан 672 пәтерлік үйлер салынады

Биыл Атыраудағы Береке, Самал ықшамаудандарынан 672 пәтерлік үйлер салынады

Оның ішінде Береке ықшам ауданынан​ 240 пәтерлік ​ бір тұрғын үй ​ және Самал ықшам ауданында​ 432 пәтерлік ​ ірі панельды 16 тұрғын үйлердің ​ құрылысын салу жоспарлануда.

«Сонымен қатар, Талғайраң елді мекенінде 46 көпқабатты үйлердің құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Және Талғайраң елді мекенінде салынып жатқан 1080 пәтерлік 24 көп қабатты тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде» деп атап өтті қала әкімі Қ.Уразбаев.

Бұдан бөлек, «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Терможаңғырту» бағыты бойынша өткен жылы 4 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп тапсырылды, ​ биыл 15 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарда.