Атырауда мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Атырауда мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Атырау қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі аппаратының басшысы Айбек Кадралиевтің төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиын өтті.

Басқосуға қала әкімі аппаратының бөлім басшылары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы, іссапар шығындары, бонустар, материалдық көмек және жыл сайынғы еңбек демалысы сияқты әлеуметтік қолдау шараларының заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуы талқыланды. Сонымен қатар басқару құрылымындағы өзгерістер, штат санының қысқаруы, мемлекеттік органның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы жағдайларында қызметшілердің құқықтарын қорғау тетіктеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, қызметтік әдеп талаптарын бұзған жағдайларда тәртіптік жауапкершілікке тарту тәжірибесі сараланып, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту және олардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру маңызды екені атап өтілді.