ОРАЛДАҒЫ БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖАЙЛЫ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

ОРАЛДАҒЫ БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖАЙЛЫ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Оралдағы іссапар аясында Атырау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Марта Нұрғалиева жастарға кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастырды. Еліміздің бірегей оқу орны – Орал қаласындағы Қазақ инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде өткен бос орындар жәрмеңкесіне белсене қатысты.

Іс-шара барысында ол жұмыссыз жастармен кездесіп, мемлекеттік қызмет саласындағы мүмкіндіктер жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Кездесу кезінде мемлекеттік қызметке қабылдану тәртібі, қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысу кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар үміткерлерге қажетті құжаттар тізімі мен іріктеу тәртібі туралы нақты мәліметтер айтты.

Тәжірибелі мемлекеттік қызметкер Марта Нұрғалиева мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөліне тоқталып, бұл саланың адалдықты, жауапкершілікті және кәсіби этиканы талап ететін маңызды бағыт екенін атап өтті. Жастарға мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері кең екенін жеткізіп, олардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.