СТУДЕНТТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРІЛДІ

СТУДЕНТТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРІЛДІ

Атырау ауылдық округінің әкімі Нұрлан Халмурзин мен Алмалы ауылдық округінің әкімі Гүлшат Аухадиева Х.Досмұхамедов атындағы университет студенттерімен мазмұнды кездесу өткізді. «Жоғары оқу орындарының түлектерін мемлекеттік қызметке тарту – ел болашағының кепілі» тақырыбында өткен жиын жастар мен билік өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналды.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, қойылатын негізгі талаптар мен ұсынылатын мүмкіндіктер жан-жақты түсіндірілді. Спикерлер мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөліне тоқталып, оның ел дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.

Студенттерге адал қызмет етудің негізгі қағидаттары, мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі мен этикалық ұстанымдары туралы нақты мәліметтер берілді. Бұдан бөлек, конкурсқа қатысу кезеңдері, қажетті құжаттар тізімі және іріктеу рәсімдерінің тәртібі егжей-тегжейлі түсіндіріліп, тәжірибелік кеңестер ұсынылды.

Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен бұл жиын жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың болашақ кәсіби бағытын айқындауға да оң ықпал етті.