АТЫРАУДА ҮШ БАЛАБАҚШАНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

АТЫРАУДА ҮШ БАЛАБАҚШАНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

№48, №28 және №3 бөбекжай балабақшаларында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде. Нысандарды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін балабақшалардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи талаптарға сай білім беру ортасына айналады деп күтілуде.

- Құрылыс жұмыстарының сапасы ерекше бақылауда. Осыған дейін жүргізілген құрылыс және жөндеу жұмыстарын қатаң қадағалаймыз. Техникалық қадағалаушылар да сапаға баса мән беріп отыр. Бүгінде балабақша тәрбиеленушілері жақын маңдағы мектепке дейінгі ұйымдарға уақытша ауыстырылды. Ал педагог қызметкерлер еңбек заңнамасына сәйкес толықтай жұмыспен қамтылды, - деді Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.