Марапаттау

Марапаттау

2026 жылғы 6 ақпанда Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы  және Атырау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Атырау қаласында  Дүниежүзілік сайлау күніне орай  қорытынды іс-шара өтті.  Сайлау науқандарын ашықтық пен әділдік қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастыруда кәсібилік пен жауапкершілік танытқан сайлау комиссияларының  мүшелері  Атырау қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Биылғы салтанатты шараның ерекшелігі Атырау қаласының сайлау саласында көп жыл еңбек еткен  ардагерлер де марапатталып,  құрмет көрсетілді.