
Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен Дүниежүзілік сайлау күні аясында Атырау қаласы жоғары медициналық колледжінде ұжым мен студенттердің қатысуымен «Қонақ дәрісі» форматындағы танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың сайлау үдерісі туралы білімін арттыру, азаматтық белсенділігін қалыптастыру және ел болашағына қатысты саналы таңдау жасауға тәрбиелеу болды.