«Сайлау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі» тақырыбында дөңгелек үстел

«Сайлау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі» тақырыбында дөңгелек үстел

43 орта мектептің 11-сынып оқушылары арасында «Сайлау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау үдерісінің маңызын түсіндіру және азаматтық белсенділікті қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында оқушылар сайлау жүйесінің негізгі қағидаттары, әр азаматтың дауыс беру құқығы мен жауапкершілігі жөнінде пікір алмасты.