
Дүниежүзілік сайлау күні аясында сайлау процесіне аккредиттелген «Жардем-Атырау», «Азаматтық қоғам», «Жарқын ұя» қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында азаматтық қоғам институттарының сайлау үдерісіндегі рөлі, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.