
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын толық әрі тиімді іске асыруға бағытталған сайлау комиссияларының атқарып жатқан жұмыстары туралы пікір алмасу жүзеге асырылды. Сондай-ақ сайлау үдерісінің қолжетімділігін арттыру, инклюзивті орта қалыптастыру және өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.