Атырау қаласы мәслихатының төрағасы мен мәслихат аппаратының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Атырау қаласы мәслихатының төрағасы мен мәслихат аппаратының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

 

2026 жылғы 26 қаңтарда Атырау қаласы мәслихатының төрағасы мен мәслихат аппаратының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Кездесу барысында сайлау жүйесін жетілдіру, жергілікті өкілді органдардың рөлі, сондай-ақ азаматтардың сайлау үдерісіне қатысу белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, жастармен жұмыс жүргізудің маңыздылығына, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және сайлау институтына деген сенімді нығайтуға бағытталған ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар алдағы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды.